
2021 жылдың 23 сәуірінде І.Жансүгіров атындағы Жетісу университетімен бірлескен «АКТ графикалық редакторларын қолдану арқылы деректер базасын, картодиаграммаларды, картасызбалар жасау», «Географиялық деректерді визуализациялау» тақырыптарында құрастырылған тапсырмаларды талқылау бойынша практикалық вебинар өтті.
Талғар, Қарасай, Еңбекшіқазақ, Жамбыл аудандарының мұғалімдері берілген географиялық деректер базасына жасаған картодиаграмма, картасызбаларын ортаға салып, жасалу жолындағы ерекшеліктерге тоқталса, Ескелді, Ақсу, Ұйғыр аудандары мен Талдықорған, Қапшағай қалаларының география пәні мұғалімдері google earth қосымшасымен құрастырған тапсырмаларын көрсетті.
Вебинар жұмысына 100 педагог қамтылды.