
Педагогтерге жиынтық бағалау жүргізу қорытындылары мен жоспарланған түзету жұмысы бойынша әдістемелік қолдау көрсету мақсатында ағымдағы жылдың 23 сәуірінде пән мұғалімдері мен әдіскерлерге арналған «Химия-биология пәнінен БЖБ және ТЖБ тапсырмаларына сараптама жүргізу әдістемесі» тақырыбында тәжірибе тарату вебинарын өткізді. Аталған шарада білім беру мазмұнын жаңарту аясында «Биология» пәні бойынша облыс тренері Д.Айдабаева, «Химия» пәні бойынша облыс тренері Р.Қалыхова оқу мақсатына бағытталған бағалау тапсырмаларын әзірлеу және сараптау бойынша іс-тәжірибелерімен бөлісті. ҚР Білім және ғылым министрінің 2020 жылғы 6 сәуірдегі №130 бұйрығының 8- қосымшасына сәйкес Ақсу ауданы Ғ.Орманов атындағы орта мектебінің биология пәні мұғалімі А.Адильбекова және Саркан ауданы Ы.Алтынсарин атындағы орта мектебінің химия пәні мұғалімі А.Боранғазова жиынтық бағалаудың талдауын көрсетті.