
Республикалық “Үздік облыс әдіскері - 2021” байқауы ережесіне сәйкес облыстық білім беруді дамыту оқу-әдістемелік орталығы әдіскері А.Адильбаева аудандық, қалалық оқу-әдістемелік орталығы әдіскерлеріне "Аралас оқыту" форматы бойынша тренинг өткізді. Тренинг барысында А.Адильбаева: OnlineMektep.org платформасында BilimLand сабақтарын немесе мұғалімнің өзінің құрған сабағын (қарапайым + интерактивті сабақты) кестеге бекіту, ары қарай оқушыға тапсырманы орындату. Үй тапсырмасын құру, кестеге қою, оқушылардың жауаптарын тексеру. БЖБ құру немесе БЖБ/ТЖБ жинағынан жүктеу, кестеге қою, оқушылардың жауаптарын тексеру және кері байланыс беру бойынша түсіндірме жұмыстарын жүргізді.