"Спорттық бұқаралық іс-шараларды дамытудың заманауи әдістері" тақырыбында Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясы

"Спорттық бұқаралық іс-шараларды дамытудың заманауи әдістері" тақырыбында Халықаралық ғылыми-тәжірибелік  конференциясы

Жалпы білім беру мектептерінде салауатты өмір салтын насихаттау аясында бұқаралық спортты дамыту  және жалпы тұжырымдарды  қалыптастыру мақсатында, 2021 жылғы 21 сәуірде дене тәрбиесі, спорт,алғашқы әскери дайындығы және қосымша білім берудің ғылыми-тәжірибелік  орталығы "Спорттық бұқаралық іс-шараларды дамытудың заманауи әдістері" тақырыбында Халықаралық ғылыми-тәжірибелік  конференциясын  өткізді.

ҚР БҒМ министрлігі «Ұлттық ғылыми-практикалық дене тәрбиесі орталығының бас директоры Т.Есентаев, Алматы облысы білім басқарма басшысының орынбасары Ж.Сүлейменова Халықаралық конференцияның басталуымен құттықтап, жұмысына сәттілік тіледі.

Халықаралық конференцияда Болгария республикасы, Ресей федерациясы және Қазақстан республикасынан  осы аспектілердегі мәселелерді терең зерттейтін  спорттық бұқаралық іс-шараларды дамыту  саласындағы белгілі ғалымдар, практик-педагогтар қатысып  өз тәжірибелерімен бөлісті.