
Облыстық білім беруді дамыту оқу-әдістемелік орталығы «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ Педагогикалық шеберлік орталығының Алматы қаласындағы филиалымен бірлескен сабақты зерттеуді жүргізуде зерттеу топтарына әдістемелік қолдау көрсету мақсатында «Бірлескен зерттеу және уақыт» тақырыбында онлайн режимінде диалогтік алаң өткізді. Аталған шарада Алматы қаласы Педагогикалық шеберлік орталығы филиалының директоры Б.Асубаев бірлескен сабақты зерттеу ерекшеліктеріне тоқталып, тренер Ғ.Толықбаева уақытты басқарудың маңыздылығын қатысушылармен бірге талқылады. Сонымен бірге Алматы қаласындағы №186 жетекші мектептің бірлескен сабақты зерттеу топтары Google Classroom платформасында тәжірибелерімен бөлісті.