
Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігінің 27.04.2020 жылғы №165 бұйрығына сәйкес ағымдағы жылдың 1 шілдесінен бастап жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды өз отбасына тәрбиелеуге қабылдауға тілек білдірген Қазақстан Республикасының азаматтары психологиялық даярлаудан өтуі тиіс.
Жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды өз отбасына тәрбиелеуге қабылдауға тілек білдірген Қазақстан Республикасының азаматтарға психологиялық даярлаудан өту курсы 3 ай, аптасына 1 рет «Skype» қосымшасы арқылы онлайн режімінде «Айналайын», облыстық №1 балалар үйлерінде, Жаркент қаласының облыстық зерде бұзылыстары бар жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған арнайы мектеп-интернаты мен «Ковчег» мекемесінде өтеді. Балалар үйлерінің байланыс телефондары:
- Талдықорған қаласындағы «Айналайын» балалар үйі: 8(7282) 32-82-51, 30-23-22.
- Алматы қаласында орналасқан облыстық №1 балалар үйі: 8(7272) 69-62-40.
- Жаркент қаласындағы облыстық зерде бұзылыстары бар жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған арнайы мектеп-интернаты: 8(72831) 9-12-69.
- Талғар қаласындағы «Ковчег» мекемесі: 8(72774)2-88-67 жұмыс уақытында.