Қашықтықтан білім беру технологияларының тәжірибедегі мүмкіндіктері

Қашықтықтан  білім беру технологияларының  тәжірибедегі  мүмкіндіктері

Техникалық және кәсіптік білім бөлімі  педагогтердің кәсіби дамуына жағдай жасау  және әдістемелік көмек көрсету мақсатында  «Қашықтықтан  білім беру технологияларының  тәжірибедегі  мүмкіндіктері» тақырыбында  «Жігер» ассоциациясының  әдістемелік күні  өтті.

Іс-шарада Есік гуманитарлық-экономикалық, Талғар политехникалық, Алматы облысының қызмет көрсету және тамақтандыру саласындағы инновациялық технологиялар, Талдықорған гуманитарлық-техникалық, «Прогресс» политехникалық колледждерінің арнайы пән оқытушылары З.Нусипова, А.Исаева, Г.Дәркенбаева, А.Оразалина, Т.Агеева студенттердің  шығармашылық әлеуетін арттыру,  шығармашылық тапсырмаларды қашықтықтан ұйымдастыру мен сындарлы тапсырмаларды қолданудың жолдарын өз тәжірибелерінен көрсетті Әдістемелік күн жұмысына  100 инженер-педагог қатысты.