Жаңартылған білім беру мазмұны жағдайында оқытудың тиімді жолдары

Жаңартылған  білім беру мазмұны жағдайында оқытудың тиімді жолдары

           Техникалық және кәсіптік білім беру бөлімі  жаңартылған білім беру бағдарламасын жүзеге асырудың тиімді жолдарын ұсыну және әдістемелік көмек көрсету мақсатында  «Жаңартылған білім беру мазмұны жағдайында оқытудың тиімді жолдары»  тақырыбында облыстық on-line вебинар ұйымдастырды.

Вебинарда   «Назарбаев зияткерлік мектептері» ДББҰ Педагогикалық шеберлік орталығы Талдықорған қаласындағы филиалының тренерлері  Г.Казыгулова, М.Сатаев   кәсіби құзыреттілікті арттырудағы кері байланыс пен рефлексияның  үлесіне тоқталып, оқытудың тиімді   жолдарын ұсынды. 

Вебинарға 100 педагог қатысты.