
2020 жылғы 16 сәуірде Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің бастамасымен әлеуметтік маңызы бар бастамаларды іске асыруда балалардың белсенді азаматтық ұстанымдарын дамытуға жәрдемдесу мақсатында «Еліміздің еркіндігі-тәуелсіздік» тақырыбында «Балалар бастауы – 2021» балалар әлеуметтік бастамаларының онлайн конкурсының ІІ облыстық кезеңі өткізілді.
Аудандық, қалалық білім бөлімдері жалпы білім беретін мектеп оқушыларының 18 әлеуметтік жобаны ұсынды.
Әділ қазылар алқасының шешімімен 1 орынмен Ақсу ауданы Ж. Сыдықов атындағы орта мектептің «Ауаның ластануының алдын алу» жобасы, 2 орынмен – Ескелді ауданы Н. Алдабергенов атындағы орта мектептің «Согреем сердца добротой» жобасы, 3 орынмен - Іле ауданы №2 орта мектептің Сорыбұлақ көлінің проблемалары туралы «Еліміздің еркіндігі мен тәуелсіздігі» жобасы иеленді.