Бала асырап алу мәселесі жөніндегі кеңес

Бала асырап алу мәселесі жөніндегі кеңес

Білім басқармасы 2021 жылғы 14 сәуірде Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Балалардың құқықтарын қорғау комитетінің жекелеген санаттағы балалардың өмір сүру сапасын бақылау және қамтамасыз ету басқармасының басшысы М.Бегалина мен аудандық, қалалық білім бөлімдерінің қорғаншылық немесе қамқоршылық жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын органдары мамандарының қатысуымен жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды асырап алу мәселелері бойынша онлайн режимінде кеңес ұйымдастырды.

Кеңес барысында бала асырап алу мәселелері, Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылатын балаларды асырап алуға беру туралы рұқсат беру мүмкіндігі (мүмкін еместігі) туралы қорытынды беретін комиссияның қызметі мен жұмысы туралы, есеп беру мәселелері талқыланып, сұрақтар қойылып, оларға жауаптар берілді.