
Ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалардың шығармашылық қабілеттерін дамыту және олардың қоғамдық өмірге белсенді араласуына жағдай жасау мақсатында өткізілетін «Жұлдызай» XVI Халықаралық балалар шығармашылығы фестивалінің облыстық кезеңі 2021 жылдың 1-5 сәуір аралығында қашықтықтан өткізілді.
Аталған байқауға «Хореография», «Аспапта орындау», «Ыммен ән айту» атты 3 номинация бойынша 40-тан астам ерекше білім беруді қажет ететін балалар қатысты.
Әр номинация бойынша «Талдықорған қаласының облыстық есту қабілеті бұзылған балаларға арнайы мектеп-интернатының» оқушылары республикалық кезеңге жолдама алды.