
Техникалық және кәсіптік білім бөлімі 2021 жылғы жұмыс жоспарына сәйкес әдістемелік кеңес өткізді. Кеңестің күн тәртібінде білім мазмұнын жаңарту шеңберінде білім беру бағдарламаларын тәжірибеде қолданылуын мониторинглеу қорытындысы және авторлық бағдарламаларды бекіту мәселелері талқыланды. Сонымен қатар Есік гуманитарлық-экономикалық колледжі директордың ғылыми-әдістемелік жұмысы жөніндегі орынбасары А.Абженбаева, С.Жандосов атындағы Қаскелең гуманитарлық-техникалық колледжінің әдіскері А.Жанұзақова, Алматы облысының қызмет көрсету және тамақтандыру саласындағы инновациялық технологиялар колледжінің арнайы пәндер оқытушысы, педагог-шебер И.Мұқаш өз тәжірибелерімен бөлісті.
Кеңеске 60 әдіскер қатысты.