Жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды асырап алу

Жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды асырап алу

Алматы облысының №1 кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты 2021 жылдың 12 сәуірінде жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды асырап алу тақырыбында онлайн режимінде дөңгелек үстел ұйымдастырды.

Аталған шараға облыстық білім басқармасының өкілдері, Алакөл, Ақсу, Ескелді, Каратал, Кербұлақ, Көксу, Сарқан аудандары мен Талдықорған, Текелі қалалары бойынша білім бөлімдерінің қорғаншылық немесе қамқоршылық жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын органдарының мамандары қатысты. 

Шара барысында жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды асырап алудың өзекті мәселелері, ата-аналық міндеттерін орындаудан жалтарылған ата-аналарды ата-ана құқықтарынан айыру және оларды шектеу мәселелері талқыланып, тақырыптарға байланысты сұрақтар қойылып, жауаптар берілді.