
Оқытудың инновациялық технологиялары мен озық педагогикалық тәжірибені тарату мақсатында тарих пәні мұғалімдерімен әдістемелік көпір ұйымдастырылды. Вебинарда Ұйғыр ауданы орта мектептерінің тарих пәні мұғалімдері М.Тұңғышбаева, Х.Хевизова және З.Джамбакиева сабақты жоспарлау барысында тапсырмаларды саралау, оқу мақсатына сәйкес бағалау критерийлерін нақты құрастыру жолдарымен бөлісіп, әріптестерінен кері байланыс алды.