
Қашықтықтан оқыту жағдайында ТжКББ педагогтеріне әдістемелік қолдау көрсету мақсатында «Қашықтықтан оқытуда сандық ресурстарын қолдану мүмкіндіктер» атты облыстық іс-тәжірибе алмасу вебинары өтті.
Вебинарда Қ.Байсейітов атындағы саз колледжінің арнайы пәндер оқытушысы А.Хармысов қашықтықтан оқыту жағдайында дәстүрлі ән жанрындағы тиімді әдіс-тәсілдерінің мүмкіндіктерін, Қаскелең мәдениет колледжінің арнайы пәндер оқытушысы М.Садыбаев күйді «Musescore» нота редакторы арқылы үйретудің жолдарын, Сарқан гуманитарлық колледжінің арнайы пәндер оқытушысы М.Асанова музыка пәндері оқытушыларына қосымшалар мен сайттарды қолдану бойынша өз тәжірибелерін ортаға салды.