
2021 жылғы 5 сәуірде білім басқармасының ұйымдастыруымен «Мемлекеттік мектепке дейінгі, орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі және қосымша білім беру ұйымының басшысы лауазымына конкурстық тағайындауға қатысу үшін құжаттарды қабылдау» және «Педагогтарға біліктілік санаттарын беру және растау рәсімінен өту үшін құжаттарды қабылдау» мемлекеттік көретілетін қызметтер бойынша онлайн режимінде аудандық, қалалық білім бөлімдері басшыларының қатысуымен жиналыс өткізілді. Жиналыс барысында білім басқармасы басшысының орынбасары Ж.Сүлейменова тарапынан білім беру саласындағы көрсетілетін мемлекеттік қызметтер бойынша ақпарат беріліп, мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді уақытылы, сапалы көрсету қажет екендігі айтылды.