Шетел тілі пәні бойынша қорытынды аттестаттау тапсырмаларын құрастыру ерекшеліктері

Шетел тілі  пәні бойынша қорытынды аттестаттау тапсырмаларын құрастыру ерекшеліктері

Көктемгі каникул мектеп  аясында «Шетел тілі пәні бойынша 9 сынып қорытынды аттестаттау тапсырмаларын құрастыру ерекшеліктері» тақырыбында вебинар өтті.

Мақсаты:  9 сынып қорытынды аттесттау тапсырмаларын құрастыру ерекшеліктерін көрсету. Шараға 180 шетел тілі пәні мұғалімдері қатысты.

Вебинарда Іле ауданы, №7 ОМ ағылшын тілі пәні мұғалімі М.Қаржаубаев, Қаратал ауданы, Кәлпе ОМ ағылшын тілі пәні мұғалімі  Г.Абдильданова  9 сынып оқушыларын шетел тілі пәні бойынша қорытынды аттестаттау тапсырмаларын құрастыру ерекшеліктерімен таныстырды. Вебинар  соңында облыстық оқу-әдістемелік орталығының әдіскері Е.Баймырзаев туындаған сұрақтарға жауап беріп, қатысушылардан кері байланыс алды