Информатика пәні бойынша оқушыларды пәндік олимпиадаға дайындау жолдары

Информатика пәні бойынша оқушыларды пәндік олимпиадаға дайындау жолдары

Көктемгі каникул мектеп аясында «Информатика пәні бойынша оқушыларды пәндік олимпиадаға дайындау жолдары» тақырыбында вебинар өтті. Мақсаты: информатика пәні бойынша оқушыларды пәндік олимпиадаға дайындауда әдістемелік сүйемелдеу.

Вебинар барысында Талдықорған қаласы, №5 ОМЛ информатика пәні мұғалімі А.Тынбаева acmp.ru, informatics.msk.ru материалдарын қолдану туралы, Іле ауданы, №31 орта мектебінің информатика пәні мұғалімі А.Куандыкова олимпиадаға қатысушыларды даярлау жүйесімен,  Талдықорған қаласы, №8 орта мектебінің информатика пәні мұғалімі Ж.Садуакасов STEPIK.ORG арқылы онлайн олимпиада тапсырмаларын құрастыру бойынша  өз іс тәжірибелерімен бөлісті.