Мектепалды даярлық (тобы ) сыныбы тәрбиеленушілерін мектепке табысты дайындау жолдары

Мектепалды даярлық (тобы ) сыныбы тәрбиеленушілерін мектепке табысты дайындау жолдары

Көктемгі каникул мектеп аясында мектепалды даярлық сыныптары педагогтеріне әдістемелік көмек көрсету мақсатында «Мектепалды даярлық (тобы ) сыныбы тәрбиеленушілерін мектепке табысты дайындау жолдары» тақырыбында облыстық вебинар өтті.

Вебинарда әдістемелік орталық әдіскері Р.Тумаева мектепке дейінгі ұйымдарда 4К моделін жүзеге асыру мүмкіндіктері бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Талдықорған қаласындағы «НЗМ» ДББҰ Педагогикалық шеберлік орталығы филиалының тренері М.Байтұрғанова ұйымдастырылған оқу қызметінде үш ойын тәсілін қолдану бойынша шебер-класс өткізді. Сонымен қатар, Еңбекшіқазақ ауданы «Келешек» балабақшасының педагог-психологы Н.Тулешова педагогтерге  тәрбиеленушілердің мектепке табысты бейімделуіне ықпал ету жолдары туралы кеңес берді.  Шараға 100 педагог қамтылды.