
Оқу-әдістемелік орталығы «Балабақшада денсаулық сақтау технологиясы арқылы тәрбиеленушілердің қозғалыс біліктері мен дағдыларын қолдануға баулу» тақырыбында тәжірибе алмасу вебинарын өткізді. Мақсаты: мектепке дейінгі ұйымдарда денсаулық сақтау технологиясын қолдануда педагогтерге әдістемелік көмек көрсету.
Вебинарда «Болашақ» ассоциациясы мүшелері С.Айтказина, Э.Шаримбаева балабақшада денсаулық сақтау технологиясын қолданудың тиімділігін, Кербұлақ ауданы «Балдырған» балабақшасының дене шынықтыру нұсқаушысы С.Ногаев салауатты өмір салтын ұстануда балаларға ұлттық ойындар арқылы ұлттық құндылықтарға баулу жолын ұсынды. Сонымен қатар, А.Байжан Жамбыл ауданы, «Айгөлек» балабақшасының тәрбиешісі В.Воскобовичтің дамытушы ойындарын дене шынықтыру оқу қызметінде қолдану мүмкіндіктері көрсетті. Шараға 100 педагог қамтылды.