
Көктемгі каникул мектеп аясында «Тарих пәні бойынша ҰБТ-ге дайындаудың тиімді жолдары» тақырыбында вебинар ұйымдастырылды. Вебинарда Талдықорған қаласы, №14 ОМГ тарих пәні мұғалімі А.Кулдасова, Ұйғыр ауданы, Шарын ОМ тарих пәні мұғалімі Т.Анламасов, Көксу ауданы С.Қырықбаева атындағы ОМ тарих пәні мұғалімі Т.Көмекбаева Қазақстан және дүниежүзі тарихы пәндері бойынша оқушыларды ҰБТ-ге дайындау әдістері мен жолдарын ұсынып, өзара тәжірибе алмасты.