
Көктемгі каникул мектеп аясында «Тарих пәні бойынша қорытынды аттестаттау тапсырмаларын құрастыру ерекшеліктері» тақырыбында вебинар өтті. Талдықорған қаласы №9 орта мектебінің тарих пәні мұғалімі Б.Солтанханова, Балқаш ауданы Бірлік ОМ тарих пәні мұғалімі Н.Жайлауов 9, 11 сынып оқушыларын тарих пәні бойынша қорытынды аттестаттау тапсырмаларын құрастыру ерекшеліктерімен таныстырды. Шара соңында облыстық оқу-әдістемелік орталығының әдіскері Ә.Әуезова туындаған сұрақтарға жауап беріп, қатысушылардан кері байланыс алынды.