
Оқытудың инновациялық технологиялары мен озық педагогикалық тәжірибені тарату мақсатында тарих пәні мұғалімдерімен әдістемелік көпір ұйымдастырылды. Шара барысында Еңбекшіқазақ ауданның орта мектептерінің тарих пәні мұғалімдері Е.Жолшибаев, А.Отарбаева, Г.Куланбаева, А.Ашкеева мұражай қорында жинақталған мұралармен таныстыруда экскурсия жүргізу, лекция оқу, сыныптан тыс жұмыстар, танымдық сабақтар өткізу тәжірибесімен бөлісіп, Quizizz бағдарламасын және веб-квесті қолданудың тиімді жолдарын ұсынды.