
Оқу-әдістемелік орталығы «Бастауыш сыныпта функционалдық сауаттылықты қалыптастырудың өзіндік ерекшеліктері мен мазмұндық – әдістемелік бағыттары» тақырыбында вебинар өткізді.
Вебинар мақсаты: Бастауыш сынып педагогтеріне әдістемелік көмек көрсету, оқушылардың функционалдық сауаттылығын арттырудың тиімді жолдарын ұсыну.
Вебинарда Жамбыл, Панфилов аудандарының оқу-әдістемелік орталығының әдіскерлері А.Сатова, Р.Қарабалаева және бастауыш сынып мұғалімдері аталған тақырып аясында өз тәжірибелерімен бөлісті. Жұмыс соңында облыстық білім беруді дамыту оқу-әдістемелік орталығының әдіскері К.Сулейменова бастауыш сынып оқушыларының функционалдық сауаттылығын дамыту бағыттары бойынша мұғалімдермен ой алмасып, ұсыныстарын тыңдады. Аталған шараға 100 педагог қатысты.