
Алматы облысы білім беруді дамыту оқу-әдістемелік орталығы 2021 жылдың 25-30 наурызы аралығында көктемгі каникул мектебі аясында пән мұғалімдеріне арналған «Оқушылардың функционалдық сауаттылығын қалыптастыруға бағытталған тапсырмалар құрастыру» тақырыбында оқыту вебинарларын өткізді.
Вебинар мақсаты: педагогтерге оқушылардың функционалдық сауаттылығын қалыптастырудың тиімді әдістерін ұсыну.
Каникулдық мектеп жұмысында «Назарбаев Зияткерлік мектебі» ДББҰ Педагогикалық шеберлік орталығы филиалының тренерлері, тәжірибелі ұстаздар өз тәжірибелерімен бөлісті. Вебинар соңында кері байланыс жүргізілді.