Модульдік-кредиттік тәсілді іске асыру барысында оқу процесін жобалау және ұйымдастыру

Модульдік-кредиттік тәсілді іске асыру барысында оқу процесін жобалау және ұйымдастыру

«Медицина» мамандығы бойынша оқытудың кредиттік технологиясы ерекшеліктерін ұсыну мақсатында «Модульдік-кредиттік тәсілді іске асыру барысында оқу процесін жобалау және ұйымдастыру» тақырыбында облыстық вебинар өтті.

Вебинарда Талдықорған жоғары медициналық колледжінің педагогтері кредиттік оқыту технологиясы негізінде оқу үдерісін ұйымдастыру,  оқу-әдістемелік кешенін әзірлеу, білім алушының пәндерді таңдауы және реттілікпен оқуын өз бетінше жоспарлау бойынша өз тәжірибелерін ортаға салды. Вебинарға 100 инженер-педагог қатысты.