
ТжКББ педагогтерінің кәсіби дамуына жағдай жасау және әдістемелік көмек көрсету мақсатында «Жаңартылған білім беру мазмұны: оқу мен оқытудың өзекті мәселелері» тақырыбында облыстық вебинар өтті.
Вебинарда облыстық білім беруді дамыту оқу-әдістемелік орталығының әдіскерлері, Талдықорған қаласындағы №26 мектеп директорының әдістемелік жұмыс жөніндегі орынбасары, Талғар жоғарғы медициналық колледжінің оқытушысы білім алушылардың білім алуға мотивациясын қалыптастырудағы педагогикалық құралдарды қолдану, сындарлы кері байланыс пен рефлексияны жүргізуде өз тәжірибелерімен бөлісті.
Вебинарға 100 инженер-педагог қатысты.