Цифрлық технологиялар мен өндірістегі инновациялық әдістерді оқу үрдісіне енгізу

Цифрлық технологиялар мен өндірістегі инновациялық әдістерді оқу үрдісіне енгізу

Қашықтықтан  оқыту жағдайында білім беру платформасымен жұмыс жасау мүмкіндіктерін көрсету және тәжірибе алмасу мақсатында  «Цифрлық технологиялар мен өндірістегі инновациялық әдістерді оқу үрдісіне енгізу» тақырыбында  республикалық  вебинар өтті.

Вебинарда  Алматы экономикалық колледжінің педагогтері «Padlet» онлайн тақтасы мен «GeoGebra» бағдарламасын информатика, математика пәндерінде пайдалану, өндірістік оқытудағы тамақтандыру саласында  инновацияны тиімді қолдану мүмкіндіктері бойынша өз тәжірибелерімен бөлісті. Вебинарға 100 инженер-педагог қатысты.