Облыстық «Шұбар доп» Ұлттық мектеп лигасы

Облыстық «Шұбар доп» Ұлттық мектеп лигасы

Ғылыми-тәжірибелік орталықтың күнтізбелік жоспарына сәйкес 29-31 наурыз күндері Еңбекшіқазақ ауданында өткен волейболдан 7-8 сынып (ұлдар, қыздар) оқушылары арасындағы облыстық «Шұбар доп» Ұлттық мектеп лигасы өз мәресіне жетті. Жеңіске жеткен командаларды шын жүректен құттықтаймыз! 1-орын алған команда республикалық кезеңінде облыстың намысын қорғап, жүлделі орындарға иеленеді деген сенімдеміз.

Ұлдар арасында:

1-орын – Еңбекшіқазақ ауданы;

2-орын – Қарасай ауданы;

3-орын – Кеген және Панфилов аудандары.

Қыздар арасында:

1-орын – Еңбекшіқазақ ауданы;

2-орын – Жамбыл ауданы;

3-орын – Қарасай және Кеген аудандары.