
Оқуда қиындықтары бар балалармен диагностикалық анықтаудың, түзете-дамыту жұмысының жүргізу ерекшелігі жөніндегі пікір алмасу, өзара тәжірибе алмасу мақсатында вебинар өтті.
Аталған шарада «Білім беру ұйымдарында қашықтықтан оқыту сапасын бағалауды ұйымдастыру» К.Н.Ахмедиева І.Жансүгіров атындағы Жетісу университеті оқу-әдістемелік бөлімі, педагогика және психология факультетінің аға оқытушысы, магистрі өз ойымен бөлісіп, «Үлгерімі төмен оқушылармен психологиялық диагностика жүргізу ерекшеліктері» тақырыбында Іле ауданы №28 орта мектебінің педагог-психологтары А.Искакова, А.Есжанова, «Қашықтықтан оқыту қорытындысы бойынша оқушылардың білімдеріндегі олқылықтардың орнын толтыруда психологиялық қызметтің септігі» тақырыбында Ескелді ауданы, М.Мәметова атындағы орта мектебінің педагог-психологы Н.Досжанова «Үлгерім деңгейі төмен білім алушылардың ата-аналарымен жұмыс» тақырыбында Ескелді ауданы, Н. Алдабергенов ат. ОМ психологы М.Ли, «Уақытты тиімді пайдалану. Тайм менеджмент техникасы», «Оқушының академиялық жетістігіндегі мұғалімнің рөлі» тақырыптарында Талдықорған қаласындағы «Білім-Инновация» лицейінің педагог-психологы С.Нурсапаева,
«Танымдық белседілігі төмен оқушылармен жүргізілетін түзету-дамыту жұмыстары» тақырыбында облыстық білім беруді дамыту оқу-әдістемелік орталық әдіскері Д.Кыдыкенова өз іс тәжірибелерімен бөлісті.
Облыс педагог-психологтарынан ұсыныстар қабылданып, кері байланыс берілді.