
«Оқуға құштар мектеп» жобасы аясында «Жетекші мектептер мен серіктес мектептердің тиімді тәжірибелері» тақырыбында вебинар өтті. Ақсу ауданының әдістемелік орталығының аға әдіскері Ж. Исаева жобаны іске асыруда білім беру ұйымдарында жүргізіліп жатқан жұмыстары туралы, Қ. Сәтбаев атындағы орта мектеп- гимназиясының мектеп үйлестірушісі Л. Төркінбекова мен мектеп кітапханашысы А. Мықтыбаева серіктес мектептерге қолдау көрсету мақсатында «Мектеп-гимназиясында кітап оқу мәдениетін қалыптастыру» тақырыбында тәжірбиесімен бөлісті.