
Ағымдағы жылдың 25-27 наурыз күндері ғылыми-тәжірибелік орталықтың күнтізбелік жоспарына сәйкес волейболдан 9-11 сынып (ұлдар, қыздар) оқушылары арасында облыстық «Шұбар доп» Ұлттық мектеп лигасы өтті. Барлығы 14 команда қатысып, 168 оқушы қамтылды. Жарыстың нәтижесі бойынша командалар төмендегідей орындарға ие болды.
Ұлдар арасында:
1-орын – Еңбекшіқазақ ауданы;
2-орын – Сарқан ауданы;
3- орын – Іле және Кербұлақ аудандары.
Қыздар арасында:
1-орын – Еңбекшіқазақ ауданы;
2-орын – Сарқан ауданы;
3-орын – Қарасай және Кеген аудандары.