«Үздік сандық ресурс» облыстық байқауының қорытындысы

«Үздік сандық ресурс» облыстық байқауының қорытындысы

Алматы облыстық білім беру саласындағы ғылыми-тәжірибелік ақпараттық технологиялар орталығының 2021 жылдық жоспарына сәйкес облыстық «Үздік сандық ресурс» байқауы ағымдағы жылдың 05-18 наурыз аралығында өтті.

Байқауға барлығы 28 өтінім қабылданып, 12 оқушының жұмысы іріктеу кезеңінен өтті.

Байқаудың қорытындысы:

1 орын  – Талдықорған қаласы, Бақтыбай Жолбарысұлы атындағы №18 орта мектеп-лицейінің 9 сынып оқушысы – Марат Айша;

2 орын – 1. Ақсу ауданы,  мектепке дейінгі шағын орталығы бар І. Жансүгіров атындағы орта мектебінің 11 сынып оқушысы – Тлеубай Бахтияр;

2. Кербұлақ ауданы, Панфилов атындағы орта мектебінің 9 сынып оқушысы – Матузко Артем;

3 орын – 1. Қапшағай қаласы, №2 орта мектебінің 7 сынып оқушысы – Болат Ернұр Әлішерұлы;

2. Талдықорған қаласы, М.Жұмабаев атындағы №19 орта мектеп-гимназиясының 9 сынып оқушысы – Зайтбек Нұрай Жайдарқызы;

3. Кербұлақ ауданы, мектепке дейінгі шағын орталығы бар Ы.Алтынсарин атындағы орта мектебінің 8 сынып оқушысы – Төлеген Бекзат.

 

Номинациялардың жеңімпаздары:

«Үздік электрондық оқулық» - Текелі қаласы, мектепке дейінгі шағын орталығы бар №7 орта мектебінің 7 сынып оқушысы - Зиновьева Арина;

«Үздік анимациялық жұмыс» - Ескелді ауданы, Жаңалық негізгі орта мектебінің 7 сынып оқушысы – Нұрланұлы Руслан;

«Үздік жоба» - Еңбекшіқазақ ауданы, мектепке дейінгі шағын орталығы бар Н.Островский атындағы орта мектебінің 7 сынып оқушысы - Айтуған Аян Бауыржанұлы