
Алматы облысының "Жігер" жас мамандар ассоциациясы үздік жас педагогтердің тәжірибесін тарату мақсатында "Заманауи білім берудегі оқытудың тиімді әдістері" өңіраралық педагогикалық проспектісін өткізді. Аталған шараға Шығыс Қазақстан, Батыс Қазақстан, Павлодар облыстары мен Шымкент қаласының жас мамандары қатысты. «Жігер» жас мамандар шығармашылық тобының көшбасшысы физика пәні мұғалімі Қанат Жақсыбаев авторлық бейне жасау арқылы қалай білім алушыларды ынталандыруға болады тақырыбында тәжірибесімен бөлісті. Ақсу ауданы Ғ.Мұратбаев атындағы орта мектебінің математика пәні мұғалімі, «Жыл мұғалімі» байқауының жеңімпазы Асыл Каймұханов онлайн сабақ тәжірибесіне тоқталып ой бөліссе, заманауи білім кеңестігінде «гейм» ойын арқылы әдіс-тәсілдері кеңінен қолданып жүрген Іле ауданы №48 ОМ тарих пәнінің мұғалімі Расулла Сериков тарих сабағындағы геймификация әдісі туралы тәжірибесін ортаға салды. STEM білім бeру бaғдaрлaмacының артықшылықтары тақырыбындағы тәжірибесін Талдықорған қаласы №28 ІТ МЛ физика пәнінің мұғалімі Назгүл Жайлаубаева ұсынды және Ш.Смағұлов атындағы дарынды балаларға арналған мамандандырылған физика-математика орта мектеп-интернатының физика пәні мұғалімі Талғат Сейдаз қашықтықтан оқыту жағдайында физика пәнін оқыту ерекшелігі туралы тәжірибесімен бөлісті. IT-технологияларды сабақта пайдалану арқылы оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттыруда Алакөл ауданы Үшарал қаласы №1 орта мектеп информатика пәнінің мұғалімі Алмас Тұрсынбай өз идеясымен бөлісті. Іс-шара орталықтың Facebook парақшасында тікелей эфирде жүрді. Жас педагогтердің ұсынысы бойынша «Жастар-алға!» Telegram каналы ашылды.