
«Нәтижеге негізделген білім берудегі интеграция» жобасы аясында Талдықорған қаласы №28 ІТ мектеп-лицей тәжірибесінен «Сабақты зерттеу: Қашықтықтан оқыту жағдайында мұғалімнің кәсіби шеберлігін дамыту» тақырыбында облыстық вебинар өтті. Аталған шарада №28 IT мектеп-лицей директоры Г.Еспанова «Сабақты зерттеу мектеп практикасын трансформациялаудың жетекші әдістемесі», «НЗМ» ДББҰ Талдықорған қаласындағы Педагогикалық шеберлік орталығы филиалының аға тренері А.Ошақбаева «Мектепте сабақты зерттеу үдерісін ұйымдастыру» тақырыптарына тоқталып, өз тәжірибелерімен бөлісті. Мектеп-лицей педагогтері «Даму» сабақты зерттеу қауымдастығы мен «SMART», «Лингвист» зерттеу топтарының жұмыстарымен таныстырды. «Experts» зерттеу тобының жас маманы Мәдениет Құралбек, «Парасат» зерттеу тобының мүшесі Ш.Оразбекова тікелей «Youtube» каналынан ашық сабақтар өткізіп, зерттеу тобындағы педагогтермен «зерттеу сабағынан кейінгі бірлескен талқылауды қалай ұйымдастыруға болады?» деген сұраққа жауап берді. Вебинар соңында қатысушы педагогтер диалог алаңында ой бөлісті. 100 педагог қамтылды.