
Оқу-әдістемелік орталығы ерте жастағы балаларды әлеуметтендіру мен бейімдеу мәселелері бойынша педагогтерге әдістемелік көмек көрсету мақсатында «Ерте жастағы балалардың әлеуметтік дағдыларын дамытудың заманауи әдістері» тақырыбында әдістемелік күн өткізді.
Іс-шара барысында «Болашақ» ассоциациясы мүшелері А.Абдульдинова, З.Леонова ерте жастағы балаларды жан-жақты дамытуда заттық дамытушы орта құру жолдарын көрсетсе, Н.Тасболатова тәрбиеленушілердің балабақшаға бейімделу кезеңіндегі кейбір кедергілерді шешу жолдарын ұсынды.