
Бастауыш сынып педагогтеріне әдістемелік көмек көрсету, оқу сауаттылығын арттырудың тиімді жолдарын ұсыну мақсатында 2021 жылдың 16 наурызында «Бастауыш сыныпта қазақ тілі және әдебиеттік оқу пәнінің оқыту әдістемесі және оқу сауаттылығы» тақырыбында вебинар өтті.
Ескелді ауданының Г.Титов атындағы ОМ бастауыш сынып мұғалімдері А.Шарапиева мен С.Евсеева, С.Сейфуллин ат. ОМ бастауыш сынып мұғалімі Л.Акимджанова, Ш.Уалиханов атындағы ОМ бастауыш сынып мұғалімдері К.Медетбекова, Э.Ахметова аталған тақырып аясында өз тәжірибелерімен бөлісті. Жұмыс соңында облыстық білім беруді дамыту оқу-әдістемелік орталығының әдіскері К.Сулейменова PIRLS халықаралық зерттеу тапсырмаларын орындау үлгілерімен таныстырды. Аталған шараға 100 педагог қатысты.