
Бастауыш сынып педагогтеріне әдістемелік көмек көрсету, білім сапасын арттырудың тиімді жолдарын ұсыну мақсатында ағымдағы жылдың 4 наурызында «Бастауыш сыныпта сапалы білім берудің өзекті мәселелері» тақырыбында вебинар өтті. Вебинарда Ескелді, Қарасай, Талғар аудандарының бастауыш сыныпқа жауапты әдіскерлер Б.Исанова, Г.Биғожаева, А.Мухатова және бастауыш сынып мұғалімдері тақырып аясында өз жұмыстарымен ой бөлісті. Аталған шараға 100 педагог қамтылды.