
Шетел тілі пәнін оқыту сапасын жақсарту, тәжірибе алмасу мақсатында онлайн форматта кезекті стендік сессия жұмысы Қарасай, Іле аудандарында жалғасын тапты. Стендік сессияда Қарасай аудандық білім беруді дамыту оқу-әдістемелік орталығының әдіскері А. Қасым мен Іле аудандық білім беруді дамыту оқу-әдістемелік орталығының әдіскері Е.Толқынов, SMART LEADERS облыстық шетел тілі пәні ассоциациясы мүшелері М.Қаржаубаев, Е. Қоқымбай өз тәжірбиелерімен бөлісіп, әріптестерінен кері байланыс алды.