
2021 жылғы 12 наурызда «Құзыретті маманды қалыптастыру: ізденіс және тәжірибе» атты облыстық вебинар өтті.
Вебинарда Жаркент жоғары гуманитарлық-техникалық колледжінің арнайы пән оқытушысы А.Махметова «WorldSkillS» стандарттарына сәйкес педагогикалық құзыреттіліктерді жетілдіру бойынша, С.Жандосов атындағы Қаскелең кәсіптік-техникалық колледжінің өндірістік оқыту шебері Ж.Атшабарова КМ 02 «Газ жалынымен дәнекерлеу» кәсіби модулінің оқу-әдістемелік кешені туралы өз тәжірибелерін ортаға салды. Вебинарға 100 инженер-педагог қатысты.