
2021 жылғы 10 наурызда академиялық дербестікке көшу жағдайында кәсіптік білімнің мүмкіндіктерін талқылау мақсатында «Академиялық дербестікке көшу жағдайындағы техникалық және кәсіптік білім мазмұны» атты республикалық вебинар өтті.
Вебинарда «Talap» коммерциялық емес акционерлік қоғамының техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру мазмұны басқармасының бастығы Далабаев Жанат Куанышбаевич техникалық және кәсіптік білім беру мазмұнын жаңғыртуда академиялық дербестікке көшу мүмкіндіктері туралы таныстырылым жасады. Вебинарға 75 орынбасар қатысты.