
2021 жылдың 11 наурызында шетел тілі пән оқытушыларына сабақты жоспарлауда оқытудың тиімді тәсілдерін қолдану және тәжірибе алмасу мақсатында «Жаңартылған бағдарлама аясында пәнді оқытудың басымдықтары мен тәжірибесі» тақырыбында облыстық вебинар өткізді.
Вебинарда Талдықорған жоғары медициналық колледжінің оқытушысы Ж.Шалимбетова, Талғар жоғарғы медициналық колледжінің оқытушысы А.Есимов, Шонжы политехникалық колледжінің оқытушысы А.Маметова, Бақанас аграрлы-индустриалды колледжінің оқытушысы М. Досбаева өз тәжірибелерімен бөлісті.