
«Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ Педагогикалық шеберлік орталығының Алматы қаласындағы филиалымен және Шығыс Қазақстан облысы Күршім ауданымен бірлесіп, ағымдағы жылдың 05 наурызында «Құндылықтар: cабақ, тәрбие сағаты және сыныптан тыс тәрбие жобаларын» іске асыру мақсатында «Шағын жинақты мектеп: тәрбие жобалары, енгізу тетіктері» тақырыбында шағын жинақты мектеп басшыларына арналған вебинар өткізді. Аталған шарада «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ Педагогикалық шеберлік орталығы Алматы қаласындағы филиалының аға менеджері Ғ.Толықбаева мен облыстық білім беруді дамыту оқу-әдістемелік орталығының орынбасары Э.Досаева құндылықтарға негізделген білім берудің және мектептерге тәрбие жобаларын енгізудің маңыздылығына тоқталды. Вебинарда Шығыс Қазақстан облысы Күршім ауданы Жаңаауыл негізгі орта мектебінің директоры Г.Мустафина мен Теректі-Бұлақ орта мектебі директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары А.Кенжехан, Алматы облысы Ұйғыр ауданы Шошанай орта мектебінің директоры Ұ.Шабаданов пен Райымбек ауданы Көксай орта мектебі директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары А.Капсаланова шағын жинақты мектептерде тәрбие жобаларын енгізудің ерекшеліктеріне тоқталып, «Үйдегі көне сурет тарихы» жобасын іске асыруда өз тәжірибелерімен бөлісті. Вебинарға қатысқан мектеп басшылары «Шағын жинақты мектеп: тәрбие жобалары, жетістіктер мен келешек қадамдар» тақырыбы бойынша padlet тақтасына онлайн көрмеге саяхат жасап, кері байланыс берді.