
Шетел тілі пәнін оқыту сапасын жақсарту мақсатында «Шетел тілі пәні мұғалімдерінің пәндік құзыреттілігін арттыру - білім сапасын көтеру факторы ретінде» тақырыбында вебинар өткізді. Вебинарда Еңбекшіқазақ ауданы Көктөбе ОМ ағылшын тілі пәні мұғалімдері С.Супиева, Р.Хашимова, Талдықорған қаласы М.Арын атындағы №24 ДБАЛ ағылшын тілі пәні мұғалімі А.Болатханова халықаралық зерттеу тапсырмаларын орындауда (IELTS) оқылым тапсырмаларының сәйкестігі мен FLEX бағдарламасының тиімділігі туралы өз тәжірибелерін ортаға салды. Барлығы 100 педагог қамтылды.