
«Табысты басшы» жобасын іске асыруда оқушылардың бірлескен жобалау және зерттеу әрекеті тәжірибесін қалыптастыруға жағдай жасау мектеп директорларына әдістемелік қолдау көрсету мақсатында 2021 жылдың 25 ақпанында «Globallab кеңістігіндегі бірлескен жобалау және зерттеу әрекеті» тақырыбында Қарасай ауданы, Алмалыбақ ауылындағы орта мектеп-гимназиясы тәжірибесінен вебинар өткізілді.
Аталған шара барысында гимназия директоры С.Махамбетова GlobalLab кішкентай ізденімпаздардың, жас және ересек зерттеушілердің кеңістігі және білім алушыларға білім мазмұнын құрайтын танымдық, коммуникативтік, ұйымдастырушылық мәселелерін шеше алатын, тәжірибелерін жетілдіретін платформа ерекшеліктеріне тоқталды. Мектеп оқушылары жобалар аясында жүріп жатқан шаралар бойынша өз ойларымен бөлісті. Шараға барлығы 95 мектеп директоры қатысты.