
2021 жылғы 26 ақпанда білім басқармасы тарпынан облыстық прокуратура, полиция департаменті, дін істері басқармасы, ҮЕҰ өкілдерінің қатысуымен дөңгелек үстел өткізілді.
Дөңгелек үстел барысында балаларға қатысты мәселелер талқыланды: кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтың, балаларға қатысты зорлық-зомбылықтың, балаларды деструктивті діни ағымдар мен терроризмге, санкцияланбаған митингтерге тартудың алдын алу.
Дөңгелек үстел жұмысына журналист, публицист Әділ Еділұлы Мұқашев қатысып, біздің қоғамда балаларды дәстүрлі емес діни ағымдарға, терроризмге тарту, балалардың бірлескен іс-шараларына оппозицияны тарту туралы мәселесін көтерді.