«Функционалдық сауаттылық - білім сапасын жетілдірудің негізгі құралы ретінде»

«Функционалдық сауаттылық - білім сапасын жетілдірудің негізгі құралы  ретінде»

«Табысты басшы»  жобасы аясында PISA халықаралық зерттеуіне дайындық жұмыстарын үйлестіруде мектеп директорының  орынбасарларына әдістемелік қолдау көрсету мақсатында 2021 жылдың 25-26 ақпан күндері «Функционалдық сауаттылық - білім сапасын жетілдірудің негізгі құралы  ретінде» тақырыбында вебинар өткізілді.

         Вебинар барысында Жамбыл ауданы,  Т.Бокин атындағы орта мектеп директоры  А.Байгазиева, Абай атындағы гимназия директорының оқу-ісі жөніндегі орынбасары Н.Исакова PISA халықаралық зерттеуіне дайындық жұмыстарын ұйымдастыру, оқушылардың функционалдық сауаттылықтарын  дамыту мәселелері бойынша тәжірибелерімен бөлісті.

         Вебинар 4 аймақта ұйымдастырылып, 382 мектеп директорының орынбасары  қамтылды.