Өндірістік білімдегі дәстүрлер мен инновациялар

Өндірістік білімдегі дәстүрлер мен инновациялар

Жаңартылған білім беру мазмұны аясында педагогтердің кәсіби дамуына жағдай жасау, кәсіби қарым-қатынас аясын кеңейту мақсатында «Тамақтандыруды ұйымдастыру» мамандығы   ассоциациясы ағымдағы жылдың 18-26 ақпан аралығында  «Өндірістік білімдегі дәстүрлер мен инновациялар» тақырыбында шебер-класс өткізді.

Вебинар барысында «Тамақтандыруды ұйымдастыру» мамандығы бойынша  колледждердің өндірістік оқыту шеберлері балық, құс етінен жасалатын тағамдарды, кондитерлік өнімдерді әзірлеуді көрсетті. Шебер-класқа 700 инженер-педагог қатысты.