«Озат тәжірибе – озат ұстаз» тәжірибе тарату вебинары

«Озат тәжірибе – озат ұстаз» тәжірибе тарату вебинары

Оқу-әдістемелік орталық озат педагогикалық тәжірибе жинақтау мен тарату мақсатында тарих пәні мұғалімдеріне тәжірибе тарату вебинарын өткізді. Вебинарда Іле ауданы жалпы орта білім беру ұйымдарының тарих пәні мұғалімдері Н.Мешел, А.Абдулин, А.Абдибекова дарынды оқушылармен ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізу, тарихи-танымдық мақсатта тарихи көркем фильмдерді қолдануда өз тәжірибелерімен бөлісті. Барлығы 30 педагог қамтылды.