"Менің мектебім " облыстық байқауының қорытындысы

"Менің мектебім " облыстық байқауының қорытындысы

Алматы облыстық білім беру саласындағы ғылыми-тәжірибелік ақпараттық технологиялар орталығының 2021 жылдық жоспарына сәйкес облыстық «Менің мектебім» байқауы ағымдағы жылдың 15-26 ақпан аралығында өтті.

Байқаудың мақсаты:

  1. Алматы облысының қазіргі заманғы білім беру мекемелері туралы жаңа креативті деректі фильм құру;
  2. Оқу орнының жетістіктерін насихаттау және көрсету;
  3. Оқу орындарының арасында шығармашылық байланыстарын кеңейту;
  4. Оқушыларға мектеп дәстүрін, ұстаздарды және мектепті сыйлауға тәрбиелеу, мектептегі қарым-қатынас және мәдени мінез-құлық дағдыларын қалыптастыру;
  5. Графикалық ақпараттарды өңдейтін бағдарламалық ортамен және техникалық құралдармен жұмыс істеуде тәжірбиелік дағдыларын қалыптастыру;

Байқауға барлығы 77 өтінім қабылданып, 54 оқушының жұмысы іріктеу кезеңінен өтті.

Байқаудың қорытындысы:

1 орын  – Көксу ауданы, Еңбекшіқазақ орта мектебінің 11 сынып оқушысы - Әбдібек Дариға Дәуленқызы;

2 орын – 1. Іле ауданы, К.Әзірбаев атындағы №15 орта мектебінің 9 сынып оқушысы – Балтабаева Асел Қайратқызы;

                 2. Талдықорған қаласы, М.Жұмабаев атындағы мектепке дейінгі шағын орталығы бар № 19 орта мектеп-гимназиясының 8 сынып оқушысы – Шәріпхан Мерей Әділетқызы;

3 орын – 1. Іле ауданы, № 35 орта мектебінің 9 сынып оқушысы – Есенгоджа Динара;

                 2. Іле ауданы, № 43 орта мектебінің 10 сынып оқушысы – Тоқтасын Қарақат Сейтқызы;

                3. Ұйғыр ауданы, Мектепке дейінгі шағын орталығы бар Ақтам орта мектебінің 10 сынып оқушысы - Нұрымбай Мереке Сайдахметұлы;

Номинациялардың жеңімпаздары:

«Үздік режиссёр» - Дарынды балаларға арналған үш тілде оқытатын Қарғалы №2 арнаулы гимназиясының  8 сынып оқушылары - Лим Алексей, Еркебуланулы Ерсултан;

«Үздік монтаж» - Кеген ауданы, А. Нүсіпбеков атындағы мектепке дейінгі шағын орталығы бар атындағы мектеп-гимназиясының 8 сынып оқушысы - Қанатқызы Гүлден;

«Үздік анимациялық жұмыс» - Еңбекшіқазақ ауданы, Х.Бижанов атындағы мектепке дейінгі шағын орталығы бар орта мектептің 11 сынып оқушысы – Якьяр Мухаммедали Абдусатаевич.